Қанттың орнына бал қолданудың үш себебі

None
АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Қазір базар жаңа жиналған балға лық толы. Қыстың қамын жаз ойлап, қарапайым қанттың орнына бал жинауға кем дегенде үш себеп бар, дейді америкалық дәрігер Д. С. Джарвистің зерттеуіне сүйеніп honey.tj.

Ол:

Біріншіден, калорияға бай. Бір ас қасық қантта 46 калория болса, балда - 64 калория.

Екіншіден, гликемиялық индексі төмен. Бұл тамақтың қандағы қант мөлшеріне әсер етуін көрсететін шама. Яғни, біздің жеген азығымыздың гликемиялық индексі көп болса, ол қант диабетіне, салмақтың өсуіне, жүрек-қантамыр жүйесіне кері әсер етеді. Демек индексі төмен азықтың пайдасы да зор. Қанттың гликемиялық индексі - 70 бірлікті құраса, балдыкі - 49 бірлік.

Үшіншіден, құрамы бай. Қантта мүлдем пайдалы зат жоқ десек, артық айтпаспыз. Оны әдетте «бос калория» деп атайды. Балдың құрамы дәрумен мен минералға шексіз бай. Егер оны дұрыс қолдана білсек, біздің ағзамыз өмірге қажетті заттармен толығып отыратын еді.