Атап айтсақ, қазақстандық ойыншылар 29 қаңтарда шаңғы жарыстары мен керлингтен жарыс жолына шығады.
Сайыстар Астана уақыты бойынша көрсетілген.
Шаңғы жарысы
Спринт. Ұлдар/қыздар
8:00. Іріктеу кезеңі.
10:00. Финал.
Берік Боранбаев
Әубәкір Тотанов
Милана Мамедова
Виолетта Митропольская
Керлинг
7:00. Аралас жұптық бәсеке.
Қазақстан - Швейцария
Мерей Тастемір
Ибрагим Тастемір
Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.
Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын.
Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.