АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында сынға түсетін қазақстандық хоккейшілердің жарыс кестесі жарияланды.
ҚР Хоккей федерациясы мәлім еткендей, қазақстандық хоккейшілер алғашқы матчын 20 қаңтар күні Польшаға қарсы өткізеді. Ары қарай, Аустрия, Латвия құрамаларымен күш сынасады.
Айта кетейік, Канвондо қаласында ел намысын 16 жасқа дейінгі 13 хоккейші қорғайды.
Олар:
Қақпашылар: Никита Кулаков, Арсений Кучковский
Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы, Әділхан Саттар, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Матвей Решетько
Шабуылшылар: Әнуар Ахметжанов, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Жахангер Тілеухан, Бексұлтан Мақыш
Бас бапкер: Рамазан Қайдаров.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.