Канвон-2024: IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасының ашылу салтанаты басталды

Фото: Фото: Нұрғали Жұмағазы

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасының ресми ашылу салтанаты басталды. 

Айтулы спортық іс-шараның ашылуы Каннын қаласындағы «Gangneuung Oval» спорт кешенінде өтіп жатыр. Бұл нысанда конькимен жүгіру спортынан жарыстар ұйымдастырылады.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Дәл қазіргі уақытта әр елден келген Ұлттық құрамалар аталған спорт кешеніне келіп, өз елдерінің туын көтеріп, құрамаларын таныстыруға дайындалып жатыр.  Трансляцияны Olimpics.com веб-сайтында көре аласыздар. 

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Айта кетейік, Канвон-2024 жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада ойындары 19 қаңтарда ашылады және 1 ақпанға дейін Пхенчхан 2018 қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтеді. Аталмыш елдегі спорттық бәсекеге әлемнің 50 елінен 1 800 спортшы қатысады деп жоспарланған. Жеті спорт түрінен (15 пән) 81 медаль жиынтығы ойнатылады.