Канвон-2024: Қазақстан хоккей құрамасы Олимпиаданың қола медаліне таласады

КАНВОН. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық хоккейшілер қола медаль үшін сынға түседі.

Фото: Сали Сабиров

Атап айтсақ, бүгін жартылай финалдық кездесуде 3×3 хоккейден сынға түсіп жатқан ұлдар құрамасы кездесуде басты фаворит саналған Латвияға 6:19 (1:9, 2:3, 2:7)
есебімен есе жіберді.

Енді 3-орын үшін ойын (Аустрия — Дания жұбының жеңілгенімен таласады) ертең Астана уақытымен таңғы 9:00–де өтеді.

Фото: Сали Сабиров

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңінің жетінші ойынында Ұлыбритания командасынан 22:13 есебімен басым түсіп жартылай финалға шыққан еді.

Өкінішке қарай финалға шыға алмады.

Сондай-ақ, осыған дейін отандастарымыз алтыншы кездесуінде Испания құрамасын 14:4 есебімен жеңсе, Олимпиаданың алғашқы ойынында Польшаны 18:8 есебімен қапы қалдырған.

Ал Тайбэйден келген қарсыластарын 14:2 есебімен жеңді.

Фото: Сали Сабиров

Алайда, жарыстың екінші күні Австриядан 8:9 есебімен ұтылса, Латвиядан 11:15 есебімен жеңіліп қалды.

Олимпиаданың үшінші күні Дания құрамасына қарсы кездесуде қарсыластарына 8:6 есебімен жол берген еді.

Фото: Сали Сабиров