Канвон-2024: Қазақстан хоккейшілері Испанияны қапы қалдырды

Фото: Фото: Нұрғали Жұмағазы

КАНВОН. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық хоккейшілер үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Отандастарымыз алтыншы ойынында Испаниядан келген қарсыластарын 14:4 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

Енді топтағы соңғы бір ойын қалды. Жерлестеріміз бүгін түстен кейінгі 14:30 да Ұлыбританияға қарсы сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық хоккейшілер Олимпиаданың алғашқы ойынында Польшаны 18:8 (3:2, 5:4, 10:2) есебімен жеңгенін жазған едік.

Ал кеше жерлестеріміз Тайбэйден келген қарсыластарын 14:2 есебімен қапы қалдырды.

Алайда, жарыстың екінші күні Австриядан 8-9 есебімен ұтылса, Латвиядан 11-15 есебімен жеңіліп қалды.

Олимпиаданың үшінші күні даниялық құрамаға қарсы матчта қарсыластарына 8:6 есебімен жол берді.

Хоккейден Қазақстан құрамасында ел намысын мына спортшылар қорғап жатыр.
1. Арсений Кучковский
2. Никита Кулаков
3. Темірлан Айболұлы
4. Матвей Решетько
5. Расул Турсынов
6. Жахангер Тлеухан
7. Таир Бигаринов
8. Роман Мичуров
9. Егор Кравченко
10. Әділхан Саттар
11. Бексұлтан Мақыш
12. Арман Төлен
13. Ануар Ахметжанов.