Канвон-2024: Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті
АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының екінші күні Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті.
Фото: Сәли Сабыров
Шорт-тректен 1000 метр қашықтықта сынға түскен спортшыларымыз арасынан Полина Омельчук мәре сызығын үшінші болып кесіп өтіп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.
Ол 1000 метр қашықты 1:41,600 уақыт көрсеткішімен бағындырды.
Аталған сында бірінші және екінші орындарды қытайлық спортшылар Цзинцзы Ли мен Цзиньчжу Ян жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Олимпиаданың алғашқы күні шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных чемпион атанып, тұңғыш алтынды жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.