КАНВОН. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық хоккейшілер екінші жеңісіне қол жеткізді. Олар бесінші ойынында Тайбэйден келген қарсыластарын 14:2 есебімен қапы қалдырды.
Енді топтағы соңғы екі ойынды Қазақстан құрамасы Испания мен Ұлыбританияға қарсы өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық хоккейшілер Олимпиаданың алғашқы ойынында Польшаны 18:8 (3:2, 5:4, 10:2) есебімен жеңгенін жазған едік.
Алайда, жарыстың екінші күні Австриядан 8-9 есебімен ұтылса, Латвиядан 11-15 есебімен жеңіліп қалды. Ал бүгін түстің алдында даниялық ойыншыларға қарсы ойында қарсыластарына 8:6 есебімен жол берді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.