АСТАНА. KAZINFORM - Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиадада алғашқы алтын жүлдеден кейін медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы қай орынға жайғасқаны белгілі болды.
Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында жасөспірімдер Олимпиадасында шаңғымен тұғырдан секіруде қазақстандық Илья Мизерных чемпион атанды.
Нәтижесінде ел құрамасы медальдар кестесінде алтыншы орынға көтерілді.
Қазірге дейін барлығы 17 құрама жүлдеге қол жеткізген. Әзірге Қытай 1 алтын, 2 күміс медальмен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы Франция, Германия, Италия 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль алған.
Келесі кезекте Оңтүстік Корея (1-0-1), Чехия, Қазақстан, Словения, Швейцария ((1-0-0)), Австрия (0-1-1) құрамалары келеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.