Канвон-2024: Қазақстандық хоккейшілер қарсыластарын ірі есеппен ұтты
11:03, 20 Қаңтар 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасының алғашқы күні қазақстандық хоккейшілер алғашқы қарсыластарын ірі есеппен ұтты.
Атап айтсақ, 3×3 хоккейден топтық кезеңнің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Польшаны 18:8 (3:2, 5:4, 10:2) есебімен жеңді.
Ертең қазақстандықтар Аустриямен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, Канвондо қаласында ел намысын 16 жасқа дейінгі 13 хоккейші қорғайды.
Олар:
Қақпашылар: Никита Кулаков, Арсений Кучковский
Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы, Әділхан Саттар, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Матвей Решетько
Шабуылшылар: Әнуар Ахметжанов, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Жахангер Тілеухан, Бексұлтан Мақыш
Бас бапкер: Рамазан Қайдаров.