Керлингтен аралас жұптық бәсекеде алғаш рет қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысып жатқан жерлестеріміз Мерей Тастемір мен Ибрагим Тастемір жұбы топтық кезеңдегі екінші ойындарын германиялық құрдастарына қарсы шеберлік байқасты.
Өкінішке қарай, отандастарымыз қарсыластарына 4:8 есебімен жол берді.
Енді ертең Астана уақыты бойынша таңғы 7:00-де құрамамыз көшбасшылардың бірі — Швейцариямен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, кеше алғашқы ойында Қазақстан намысын қорғаған Мерей Тастемір мен Ибрагим Тастемір жұбы Аустрия құрамасындағы Эмма Мюллер мен Луис Хайнхичке 4:5 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Айта кетейәк, жасөспірімдер олимпиадасына әлемнің 80-ге жуық елінен 1 800-дей спортшы қатысып жатыр.
7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салынуда.