АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық шорт-трекшілер іріктеу кезеңін сәтті өткізіп, ширек финалға шықты.
500 метрден қыздар арасындағы сайыста Полина Омельчук пен Анастасия Астраханцева ширек финалға өтті.
Ұлдар арасында Мейіржан Төлеген ширек финалға жолдама алды. Ерасыл Шыңғысхан жарысты аяқтады.
Жеңімпаздар бүгін анықталады.
Қазақстандық спортшылардың іріктеу сынындағы көрсеткіштері:
Қыздар:
Полина Омельчук — 45,230 секунд (ширек финал)
Анастасия Астраханцева — 45,832 секунд (ширек финал)
Ұлдар :
Мейіржан Төлеген — 43,517 секунд (ширек финал)
Ерасыл Шыңғысхан — 44,812 секунд
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.