Канвон-2024: Қазақстандықтар тау шыңғысынан жүлде ала алмады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында тау шыңғысынан ерлер мен қыздар арасындағы сайыстар басталды.

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Аталған додада Қазақстан құрамасы да сынға түсті. Қыздар арасында ел намысын Александра Скороходова қорғаса, ұлдар арасында Ростислав Хохлов сынға түсті. Алайда екі спортшымыз да жеңіс тұғырынан көріне алмады.

Жарыс қорытындысы:

Super-G. Қыздар. 61 қатысушы

1-орын - Камила Ванни — 53.54 секунд - Италия

2-орын - Ева Шчачнер — 53.61 секунд - Австрия

3-орын - Шайенне Зехндер — 53.75 секунд - Швейцария

18-орын Александра Скороходова — 55.71 секунд - Қазақстан

Super-G. Ұлдар. 65 қатысушы

1-орын - Бенно Брандис — 54.42 секунд - Германия

2-орын - Асажа Штурм — 54.43 секунд - Австрия

3-орын - Андреж Барнас — 54.78 секунд - Словакия

45-орын - Ростислав Хохлов — 59.54 секунд - Қазақстан

Ертең спортшыларымыз тау шаңғысы комбинациясы бойынша жарыс жолына шығады.