Мерей Тастемір мен Ибрагим Тастемір жұбы Швейцариядан келген қарсыластарына 1:9 есебімен жол берді. Осылайша қазақстандық керлингтентен сынға түсіп жатқан отандастарымыз қатарынан үш ойында да қарсыластарынан жеңіліп қалды.
Атап айтсақ, бірінші ойынында Аустрия құрамасынна 4:5 есебімен жеңілсе, екінші ойында германиялық құрдастарына қарсы сында 4:8 есебімен есе жіберді.
Енді, ертең Астана уақыты бойынша 15:00-де құрама спортшылары Италиямен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.
Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.