Аталған сында ел намысын Берік Боранбаев пен Әубәкір Тотанов қорғаған болатын. Алайда екеуі де жүлделі орындардан тыс қалды. Боранбаев мәре сызығын 21:39.9 уақыт көрсеткішімен 35-інші болып кесіп өтсе, Тотанов мәре сызығына 7,5 шақырымды 21:59.7 уақыт көрсеткішімен 40-шы болып жетті.
Бұл жарыста 79 қатысушы сынға түсті.
1-орын – Германия - Жакоб Елиас Моч — 19:47.2
2-орын – германия - Джонас Муеллер — 19:52.6
3-орын – Франция - Гуентин Леспин — 19:54.1
35-орын – Қазақстан - Берік Боранбаев — 21:39.9
40-орын – Қазақстан - Әубәкір Тотанов — 21:59.7
Енді шаңғы жарысынан 1 ақпан күні шешуші жүлде жиынтығы 4×5 шақырым қашықтықта аралас эстафета өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр. Биатлон, керлинг, конькимен сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынауда.
Еске салайық, Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.
Бұған дейін классикалық шаңғыдан қыздар арасындағы дода аяқталғанын жазған болатынбыз.