АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында алауы тұтанатын IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасының жарыс кестесі жарияланды.
Фото: Туризм және спорт министрлігінен
ҚР Туризм және Спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жарыстың ашылу салтанаты бүгін, яғни, 19 қаңтарда Каннын қаласындағы «Gangneuung Oval» спорт кешенінде өтеді. Бұл нысанда конькимен жүгіру спортынан жарыстар ұйымдастырылады.
Жарыс кестесі төмендегідей:
Фото: Туризм және спорт министрлігінен
Канвон-2024 Ойындарына 14 пен 17 жас аралығындағы әлемнің 70 елінен 1 800 спортшы қатысады. Мұнда 7 спорт түрінің 15 бағдарламасы бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Фото: Туризм және спорт министрлігіненФото: Туризм және спорт министрлігінен
Олимпиаданың жабылу салтанаты 1 ақпан күні Каннындағы «Gangneung Olympic Park» спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.