Аталған бәсекеде ел намысын Берік Боранбаев, Аубәкір Тотанов, Виолетта Митропольская мен Милана Мамедова квартеті қорғайды
Аралас командалық эстафета жарысы Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.
Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 19-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.
Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын.
Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.