АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында шаңғымен тұғырдан секіруші Қазақстан құрамасының спортшылары жарысты аяқтады.
Фото: Шамкен Байырбек
Шаңғымен тұғырдан секіруден командалық эстафетада Қазақстан намысын Олимпиада чемпионы Илья Мизерных, Илья Шильников, Софья Шишкина және Алена Свириденко қорғады.
Нәтижесінде отандық спортшылар жарысты 491,3 ұпай еншілеп, 13 орынмен аяқтады.
Аталған додада бас жүлдені 893,7 ұпаймен Словения жеңіп алса, 818,3 ұпай еншілеген Норвегия екінші орынға ие болды. Ал үздік үштікті Аустрия (775 ұпай) құрамасы қанжығасына байлады.
Шаңғымен тұғырдан секіру жарысы бойынша 2 күнге жалғасқан бәсекеде 3 жүлде жиынтығы сарапқа салынып, Словения - 2 алтын, Қазақстан - 1 алтын иеленді.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.