Канвон-2024: Жалпы медальдар кестесінде қай ел көш бастап келеді

КАНВОН. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының бүгін сегізінші күні де артта қалды. Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы медальдар кестесінде Чехия және Польша құрамаларымен бірге 15-орынды өзара бөлісіп тұр.

Фото: olympics.com

Ал жалпы командалық есепте әзірге Италия құрамасына тең келер ешкім болмай тұр.

Олар 9 алтын, 2 күміс, 3 қоламен медальдар кестесінде Олимпиаданың көшін бастады. 

Ал екінші орында 7 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен Германия құрамасы келе жатса, үздік үштікті 6 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен Франция құрамасы түйіндеп тұр.

Медальдар кестесіндегі алғашқы ондыққа енген елдер:

  1. Италия — 9 алтын, 2 күміс, 3 қола (14)
  2. Германия — 7 алтын, 3 күміс, 3 қола (13)
  3. Франция — 6 алтын, 3 күміс, 4 қола (13)
  4. Қытай — 5 алтын, 8 күміс, 3 қола (16)
  5. Австрия — 4 алтын, 6 күміс, 5 қола (15)
  6. Оңтүстік Корея — 4 алтын, 5 күміс, 4 қола (13)
  7. АҚШ — 4 алтын, 5 күміс, 2 қола (11)
  8. Нидерланд — 3 алтын, 1 күміс, 1 қола (5)
  9. Ұлыбритания — 3 алтын 1 күміс (4)
  10. Швеция — 2 алтын, 3 күміс 3 қола (8).