2016 жылғы 9 шілдеде Гандияда өткен жарыста алынған допинг-сынама оң нәтиже көрсетіп, 17 жастағы спортшы 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін уақытша жарыстардан шеттетілген еді. Ал дисквалификация мерзімі 2018 жылдың 29 қыркүйегінде аяқталады. Арашовтың өтініші бойынша тәуелсіз сот анти-допингтік бұзу бағдарламасына сәйкес, тараптардың (Арашов пен ITF) дәлелдерін қарап, 10 сәуір күні спортшыны дисквалификациялау туралы шешім шығарды.
Теннисші рейтингте 1729-орында тұр, деп жазады dodasport.kz.