Қаныш Сәтбаев Тәуелсіздікке зор үлес қосқан тарихи тұлға - ҚР ҰҒА вице-президенті Төлеген Қожамқұлов

АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қаныш Имантайұлының еңбегін бір кітапқа сыйғызу мүмкін емес. .

Бұл туралы бүгін Алматыда «Қаныш Сәтбаев» энциклопедиясының тұсаукесерінде айтылды.

«Қазақ тілінде жарық көрген «Қаныш Сәтбаев» тұлғалық энциклопедиясы алдағы уақытта енді шетел тілдеріне аударылады. Бұл «Қазақ энциклопедиясы» баспасының өсу жолындағы  жаңа бір белес болып отыр. Қаныш Сәтбаев сияқты тарихи тұлғаға арналған мұндай энциклопедия алдағы уақытта да шығатын болады. Бүгінгі отырыста айтылған ұсыныс-тілектер болашақ басылымдарды шығаруда ескеріледі», - дейді ҚР ҰҒА вице-президенті  Төлеген Қожамұлов. «Қазақ энциклопедиясы» баспасының Бас редакторы Бауыржан Жақыптың айтуынша,  бұл кітапқа енген суреттер 800-ден астам суреттен іріктеп алынды. Тұлғалық энциклопедияда геолог-ғалымның туып-өскен ортасы мен дүниетанымының қалыптасуы, бай ғылыми-өндірістік мұрасы мен білімі, мемлекеттік және қайраткерлік қызметі мен сан-салалы шығармашылық және тәжірибелік еңбегі түрлі қырынан қамтылған.  Сондай-ақ Қ. Имантайұлының  геология, тау-кен, металлогения және тағы басқа да ғылым салаларына қатысты  мақалалары мен іргелі еңбектері тұңғыш рет қазақ тілінде баяндалып, жеке беріліп отыр.