Канзаста атыс салдарынан бірнеше адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Хесстон (Канзас штаты) қаласында атыс барысында төрттен жеті адамға дейін ажал құшып, 20- 30 шақты адам жарақат алды. Олардың кейбірінің жағдайы нашар.

Бұл туралы бейсенбі баспасөз конференциясында журналистерге Харви округінің шерифі Ти Уолтон мәлімдеді.

Оның айтуынша, атысты көгал шабу өндірісі фабрикасы қызметкерлерінің бірі ұйымдастырған. Ол өзі құқық қорғау органдары өкілінің қолынан қаза тапты, деп хабарлады ТАСС.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны қазіргі уақытта нақтылануда. Оқиға орнында ондаған полицейлер жұмыс істеуде.