АҚТАУ. KAZINFORM — Қаржы мониторингі агенттігінң Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Капитал Мечты» ЖШС қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10% төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару және қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды.
Қаржы пирамидасының басшысы изоляторға қамалды.
Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келген. Жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.