«Капиталистік нормалардан шалғай шешімдер іздестіру - замана шындығына сай келеді және назар аударуға тұрарлық шешім»- Президент Жолдауына үн қату

АСТАНА-НЬЮ-ДЕЛИ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық экономикалық дағдарысқа беріп отырған жедел және дер кезіндегі жауабына «Гуру Нанак Дев» университетінің (Амритсар қаласы, Үндістан) профессоры, доктор Кулдип Сингх жоғары баға беріп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үнді ғалымының пікірінше, «Бреттонвуд институттарының (Халықаралық Қайта құру жән даму банкі мен Халықаралық валюта қоры- ред.) реформалары әбден ескірген. Ол институттардың легитимділігіне күмән бар. Ондай құрылымдарға осыған дейін елу жыл бойы жетекшілік етіп келген жаһандық экономикалық жүйені бақылауға мүмкіндік беруге болады. Соған қарамастан, қазір де экономикалық дағдарыстан шығудың жолдары сол институттар әзірлеген көрсеткіштер аясында талдап жасалуда, бұл бағытта лайықты нәтиже бере қоюы екіталай». «Сондықтан да, «тығырықтан шығуда капиталистік нормалардан шалғай шешімдерді іздестіру - замана шындығына сай келеді және назар аударуға тұрарлық шешім», дейді ғалым.