«Капитан қызының» жарық көргеніне 175 жыл толды

None
ОРАЛ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орыстың ұлы ақыны А.Пушкиннің белгілі шығармасы «Капитан қызының» жарық көргеніне 175 жыл толуына орай М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

1833 жылдың күзінде Александр Пушкиннің Е.Пугачев бастаған көтерілістің ізімен Жайық қалашығына келгені белгілі. Жайықта үш күндей уақыт болып, деректер жинаған ақын кейін «Капитан қызын» жазды. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Александр Евстратов аталмыш туындының идеялық-көркемдік мән-маңызына тоқталды. Конференцияда сондай-ақ А.Пушкин мұражайының меңгерушісі Сара Танабаева және басқалар баяндама жасады. Басқосуда орыс ақынының Оралда болған күндерінің беймәлім тұстары да бар екені айтылды.