Қарақшылар әйелдің автомобильден шыққан кезде кілтті оталдыру тетігінде қалдырып кеткен сәтін пайдаланған.
Мелиссаның сөзіне қарағанда, ол автомобильдің құны есіне түскен сәтте машина капотына қалай секіріп шыққанын да білмей қалған. Қарақшы көлікті әрі-бері бұрып оны түсіріп тастамаққа әрекеттенгенімен түк шығара алмаған соң тастай қашқан. Бірақ салонда қалған әмиянды және ұялы телефонды жымқырып үлгерген.