Қапшағай маңында 4,9 балдық жер сілкінісі болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қапшағай маңында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚР Білімжәне ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелікэкспедициясы» ММ 18 тамызда Алматы уақытымен 09 сағат 12 минут 13 секундта жерсілкінісін тіркеді.

Зілзалаошағы Алматыдан солтүстікке қарай 78 шақырым жерде, Қапшағай қаласының маңындаорналасқан. Жер сілкінісіні энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы - 4.9.Тереңдігі - 20 км.

Сезілгенітуралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Қапшағайда 2-3 балл.

«Алматыоблысының төтеншежағдайлар департаменті осы ақпаратты алғаннан кейін жергілікті атқаруоргандарына, төтенше жағдайлар бөлімшелеріне, полиция департаментіне,прокуратураны және басқа ұйымдарға хабар береді. Ғимараттардың қирауы немесеқұрбан болғандар туралы ақпарат жоқ», - деп мәлімдеді Алматы облысы ТЖДбаспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар