Қапшағай су қоймасы маңындағы демалыс орнында өрт шықты
19:31, 03 Маусым 2015
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай су қоймасы маңындағы жұмыс істемей тұрған демалыс орнында өрт шықты, деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД-інен.
«Жалын қазір жұмыс істемей тұрған «Связь монтаж» демалыс базасының 5 үйін шарпыды. Тілсіз жау шамамен сағат 17.35-те ауыздықталды», делінген хабарламада.
Өрттің шығуына қасақана өртеу немесе электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін.