Қонаев қаласы әкімдігінің мәліметінше, коммуналдық жағажайлар демалушыларды қабылдауға дайын. Әсіресе № 5 жағажайда қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Мұнда 12 құтқару мұнарасы орнатылып, 26 құтқарушы жұмыс істейді. Сонымен қатар жағажай аумағына 21 бейнебақылау камерасы қойылған.
Жағажай аумағында санитарлық тораптар мен тамақтану орындары жұмыс істейді. Күн сайын арнайы қызметкерлер жағалауды бірнеше рет қоқыстан тазартады. Ал жаяу жүргіншілер үшін кіру тегін.
Сондай-ақ мұнда салып жатқан аттракциондар паркі 10 маусымға қарай келушілерге есігін ашады.
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы жағажайларда кешкі сағат 20:00–ден кейін шомылуға тыйым салынатынын хабарлады. Күн сайын патрульдеу ұйымдастырылып, кешкі уақытта арнайы рейдтер жүргізілмек.
— Қонаевта алдағы уақытта 5 шақырымнан астам жағажайды абаттандыру жоспарланған, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Астанада шомылуға рұқсат етілген 5 орын белгіленді.