Қапшағай тас жолында екі көлік соқтығысып 6 адам зардап шекті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай тас жолының солтүстік бағытында жол көлік оқиғасы болып, 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Магнум» сауда кешенінің тұсында Mercedes маркалы көлік кері бұрылу үшін тоқтайды. Осы сәтте оған шағын автобус келіп соғылады. Қатты соққыдан жеңіл көлік шыр айналған.

Жол апатынан 6 адам зардап шекті. Олардың екеуі Mercedes көлігінің жолаушылары болса, төртеуі микроавтобус жолаушылары.

Зардап шегушілер арасында кәмелетке толмаған екі бала бар.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.