Профилактикалық патрульдеу кезінде Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында жағадан 100 метр қашықтықта батып бара жатқан адамдарды құтқарушылар дер уақытында байқады. Жедел жүргізілген құтқару жұмыстарының нәтижесінде 1984 және 1977 жылы туған 2 ер адам және 1986 және 1995 жылы туған 2 әйел адам жағаға жеткізілді.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.Одан бөлек, Алакөл ауданының Ақши ауылында «Калипсо» демалыс аймағының жанында Алакөлді патрульдеу кезінде ескерту қалқымаларынан асып жүзіп кеткен жасөспірім құтқарылып, жағаға аман-есен жеткізілді.
Оған да медициналық көмек қажет болмады.