Жасөспірімдер Қапшағай қаласына қарасты Қосқұдық станциясында тұратын бір отбасының мүшелері болып шықты. Олар түнде шырт ұйқыда жатқан кезде қатты отынмен жылытылатын пештің ақауынан уланған. Дәлірек айтқанда мұржаның бітелуі себеп болған, дейді мамандар.
Қазіргі таңда иіс тиген балалардың жағдайы орташа-тұрақты. Олар дәрігерлердің бақылауында.