«Алматы марафон» жүзу жарысы осымен үшінші жыл қатарынан өтіп отыр. Бүгінде біз адамдардың циклдық спорт түріне қызығушылығы артып жатқанына куә болып отырмыз. Бұл сәнге айналды. Осындай шаралардың арқасында біз бұқаралық спорт мәдениетін танымал етіп, оның сұлулығы мен пайдасын көрсетеміз. Өз қозғалысымызға адамдарды көптеп тартып жатырмыз», - дейді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.
500 метрге жүзуде ерлер арасынан Антон Хаматов 7 минут 52 секунд нәтижесімен мәреге бірінші болып жетті. Әйелдер арасынан 9 минут 11 секунд көрсеткішімен Екатерина Цаболева үздік атанды.
2 км қашықтыққа жүзуден жеңіпаздар жас ерекшеліктеріне қарай бөлінді. Ерлер арасынан Кирилл Уваров, Евгений Александров, Владислав Бузунов бірінші орынды иеленді. Әйелдер арасынан Айя Маштиева, Галина Резванцева, Әлия Қанатқызы жеңімпаз атанды.
Суда жүзуде ең ұзақ қашықтық - 3 шақырым. Мұнда да жеңімпаздар жас санаттары бойынша марапатталды. Ерлер арасынан Данель Жұламанов, Мұрат Османов бірінші орынға лайық деп танылды. Әйелдер арасынан Ольга Ершова, Дина Шәймерденова, Зейнезайып Ержеповалар жеңімпаз атанды.
Жарысты «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры ұйымдастырды.
Автор: Алма Мұқанова