деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еліміздің ірі туристік жобасы болып табылатын «Oz» болашақ қаласы арнайы дайындалған бейнеролик ретінде таныстырылды. Жобаның негізгі инвесторы, Лас-Вегастың белгілі бизнесмені Марк Эдвенттің сөзіне қарағанда, 11 мың гектар жерде орналасатын «Oz» болашақ қаласында Сидней, Сан-Франциско, Лондон, Нью-Йорк сияқты ірі мегополистердің нақыштары - көпірлер, ескерткіштер, қонақ-үйлер мен ойын-сауық орталықтары бой көтермек. «Қазіргі кезде осы қалаларға бару үшін ұзақ уақыт әрі қыруар қаражат керек. Ал Қапшағай қаласында бой көтеретін «Oz» болашақ қаласына Қазақстанның және көрші мемлекеттердің азаматтары емін-еркін келіп, дем алып қайта алады», - дейді М.Эдвент.
ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде аталған жоба бойынша барлық жобалау іс-шаралары аяқталған. 11 мың гектар жер толығымен инвесторлардың иелігіне берілді.