Қапшағайда коронавирус табылған тұрғынмен байланыста болған 100 адам анализ тапсырды
21:15, 02 Мамыр 2020
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласына қарасты Заречный кентінің 58 жастағы тұрғынынан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ол Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Жұмыста науқаспен байланыста болған 100 адам тексеріліп, барлығының вирусологиялық талдауы теріс нəтиже көрсетті», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазір Алматы облысында коронавируспен ауырғандардың саны 145 адамға жетті. Оның 14-і індеттен жазылып шықты.