«28 тамызда сағат 11:49-да Алматы облыстық ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай қалалық кәріз-насос станциясының аумағында құдықты тазарту жұмысы барысында 3 адам қаза болды деген ақпарат түскен. Болжам бойынша, марқұм болғандар метан газының буына улануы мүмкін. Қаза болғандардың денесін құдықтан ТЖД қызметкерлері шығарып алған», - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.