Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді басып кеткен жүргізуші ұсталып, қамалғанын хабарлады.
«Апатты көргендер жол-көлік қызметі қызметкерлеріне оқиға орнынан қашып кеткен көліктің маркасы мен түсін айтып берді. Жедел жоспар арқылы «Марк-2» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Қапшағай-Алматы жолында ұсталды. Сараптама жүргізу кезінде жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды», - деп атап өтті Қапшағай ҚІІБ бастығы Т. Беркінбаев.
Кісі өліміне соқтырған жол апаты фактісі бойынша ер адамға қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды.