«Ақпанның 11-нен 12-не қараған түні Қапшағай су қоймасына үш адам балық аулауға барған. Жағадан 500 метрдей жерде мұз жарылып, көлік жартылай суға батқан. Абырой болғанда сол жердің тереңдігі 1,5 метр ғана болған екен. Оқыс оқиға жайлы хабар ТЖД кезекшілік бөліміне 9:32-де келіп түсті. 14:20-да көлікті судан алып шықты. Төрт құтқарушы және екі техника оқиға орнында жүмыс істеді. Көліктің ішінде болған үш адам аман. Зардап шеккендер жоқ», деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.
Сондай-ақ құтқару қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға болған жерде мұздың қалыңдығы 10 см болған. Ал құтқарушылар көлікпен мұздың үстімен жүру үшін кемінде 30 см болу керектігін ескертті.