«Гироплан туризмді дамыту үшін өте пайдалы. Бұл ретте Қапшағай қаласы облыстағы маңызды туристік орталықтардың бірі болып табылады, бірақ оның аумағында Алматы облысында турлар өткізуге арналған лайықты көлік құралдары жоқ. Сондықтан гиропландарды қолданудың болашағы зор», - деді өңір басшысы Аңсар Мұсаханов.
Қапшағайда құрастыру жұмыстары ғана жүргізіледі, ал жиынтықтаушы бөліктер Ресейден келеді. Бұдан басқа, кепілдендірілген және кепілдендіруден кейінгі техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін әуе алаңы мен қызмет көрсету орталығы, гиропландардың ұшқыштарының оқытылуын және ұшуға жарамдылығын қамтамасыз ететін жүйе ұйымдастырылады. Медициналық кітапшасы, 35 сағаттық ұшу мерзімі және теориялық дайындығы бар кез-келген адам ұшқыш бола алады.
Бұл ұшатын аппаратты халық арасында гироплан деп атап кеткен. Ұшақ техникасымен салыстырғанда, ол тікұшақтардан екі есе арзан, энергиялық ресурстар бойынша сегіз есе үнемдірек. 95-ші маркалы бензинмен жұмыс істейді, дайындалмаған алаңдарға қона алады. Бір аппараттың бағасы шамамен 100 мың долларды құрайды.