Қапшағайда су құбыры жарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Қапшағайда су құбыры жарылды. Төтенше жағдайды алғашқы болып тұрғындар айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға шаһардағы 18 шағынауданнда болған. Сол маңдағы шұңқырға су толып, оның көлемінің ұлғайып жатқандығын  тиісті мекемеге тұрғындар айтқан. «Су құбыры» мекемесінің бас инженері жетекшілік еткен  жедел топ оқиға орнына жеткен. Станса аумағын түгелімен қарап, тексеруден өткізген мамандар Д-160 мм полиэтиленді құбырының жарылғанын анықтады.  Авариялық жағдайды жою үшін арнайы техникалар жұмылдырылып, сала азаматтары дер кезінде құбырды ауыстырып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бүгінде кәріздік сорғы стансасы жұмысы өз деңгейінде істеп тұр.