деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үш күнге созылған жарысқа бұл жолы Қазақстан ғана емес көршілес Қырғыз Республикасының Тоқмақ қаласынан да спортшылар қатысты. Үш күнге созылған бәсекеде ерлер арасында - 17, әйелдер арасында 16 команда бақ сынады. Ерлер арасында алматылық Алексей Сидоренко мен Дмитрий Яковлев жұбынан құрылған «Қазақтелеком-Искра-1» командасы үздік шықты. Екінші орынды Ақтау қаласынан келген Александр Бабичев пен Алексей Кулешовтың жұбынан құрылған «Каспий-1» командасы иеленді. Жүлделі 3-4 орынды алматылық Евгений Машебин мен Дмитрий Ветлугиннің «Пирамида» және Денис Ровкин мен Сергей Синкевичтің «Қазақтелеком-Искра-2» командалары бөлісті. Ал әйелдер арасындағы сында алматылықтар қарсыластарын шақ келтірмеді. Онда 1-3 орындарды «Алматиночка-1 СШВСМ» (Татьяна Машкова мен Турищева Александра), «Алматиночка-2 СШВСМ» (Ирина Цимбалова мен Людмила Исаева), «Алматиночка-3 СДЮШОР-4» (Олеся Игнатчик пен Инна Рахматуллина) өзара бөлісті. Қонақтардан Ақтау қаласынан келген Марина Пилипенко мен Алина Пугачеваның жұбынан құрылған «Каспий-1» командасы ғана үздік төртіктің қатарына енді. Екінші тур ойындары енді шілденің 10-12 күндері Алматыда өтпек.