Қапшағайда жастар арасында грек-рим күресінен Шәміл Серіковке арналған турнир ашылды

АЛМАТЫ. Қазанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Қапшағай қаласында грек-рим күресінен соңғы 30 жылда спорттық жетістігін ешкім қайталай алмаған өткен ғасырдың даңқты балуандарының бірі Шәміл Серіковке арналған 2-ші халықаралық жастар турнирі ашылды,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Турнирге барлық салмақтар бойынша Қазақстанның 12 облысынан 100-ден астам балуандар қатысады.Турнирді ұйымдастырушылардың айтуынша, шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін болады.Олардың айтуынша, биылғы жылы Өзбекстан мен Қырғызстан елінің балуандары қатысуы тиіс болатын.Алайда жарыс уақытының ауыстырылуына байланысты биыл тек қазақстандық спортшылар қатысуда.Жарыс қорытындысы ертең шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.