Қапшағайда жүк пойызы теміржол құрамымен соқтығысып қалды - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Қапшағай қаласында жүк пойызы теміржол құрамымен соқтығысып қалды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады сәрсенбі,

қаңтардың 20-сы күні ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Ведомствоның таратқан ақпаратына сәйкес, қаңтардың 19-ы сағат 11.20-да Алматы-Сарыөзек бағытымен жүріп келе жатқан жүк пойызы Қосқұдық стансысының «Құлан төбе» өткелінде теміржол құрамымен соқтығысып, оның салдарынан 16 вагон жолдан шығып кеткен.

Апатты-жөндеу жұмыстары темір жолдардың Алматы бөлімінің 150 адамы мен 5 техникасының күшімен қаңтардың 20-сы күні түнгі сағат 1-де толығымен аяқталды.