Шарасыз күйде қалған тұрғындар Қапшағай қалалық әкімдігіне барып, жергілікті биліктен көмек сұрады. Ал шаһар басшысы Талғат Қайнарбековтің сөзінше, бұл казиноның 4 құрылтайшысы бар.
«Сол құрылтайшылардың арасында ауызбіршілік жоқ. Сондай-ақ еңбекақыларын ала алмай жүрген жандардың көбісінің аталған мекемемен келісімшарттары жоқ», - деді Т. Қайнарбеков.
Енді бұл мәселеге қала билігі мен прокуратура қызметкерлері араласады.