Бұл өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің қалған бөлігінде солтүстік антициклонның әсері сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта — тұман, ал оңтүстікте — шаңды дауыл күтіледі.
Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 3… 11°С-тан –5… 8°С-қа дейін, күндізгі температура 5… 18°С шамасында болады. Қалған аумақта: солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде 0…–13°С-тан –3… 3°С-қа дейін жылыну байқалады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 0… 12°С-тан 5… 13°С-қа дейін, күндіз 10… 23°С шамасында ауа температурасы күтіледі.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында әзірге егін орағы аяқталған жоқ. Былтыр жауын-шашын диқандарға қолбайлау болса, биыл суық ауа райы ораққа кедергі келтіріп отыр.