31 қазанда фронтальды ағындардың салдарынан республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады, тек батыста және оңтүстік өңірлерде күн райы ашықболады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы мүмкін, облыстың оңтүстік-шығысында жел жылдамдығы 15-25 м/с жетеді.
Ақмола облысында, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысында жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 23 м/с болады, облыстың солтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысы, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, Ақтөбе облысының батысында, Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында – 15-20 м/с жел соғады, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.