Түнде Қазақстан аумағының орталық және шығыс бөлігіне циклон ықпал етеді.
Салдарынан кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте – жауын-шашын, түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Күндіз циклон солтүстік-шығысқа қарай жылжып, елдің басым бөлігіне Солтүстік-батыс антициклоны әсер ете бастайды.
Осыған байланысты батыс аудандарда жауын-шашын жаумайды.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, боран соғады. Желдің күші - 15-20 м/с, түнде және таңертең - 23-28 м/с.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны 18-23 м/с дейін күшейеді. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар, түнде Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түседі. Жел қарқыны - 15-20 м/с, Жарма ауданында - 23 м/с.
Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан облысында желдің күші -15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.