КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қорғалжын ауданында ақ түтік бораннан жабылып қалған тасжол қардан тазартылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыстық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 27 ақпанында Қорғалжын ауданында болған бораннан "Қорғалжын-Баршын" тасжолын қар алып қалған болатын. Салдарынан жолға шыққан бір "КамАЗ" жүк көлігі, жолаушылар автобусы жəне 11 жеңіл машина қар құрсауында қалды.
Жергілікті атқарушы органдар құтқару жұмыстарына полиция мен төтенше жағдайлар бөлімшесінің қызметкерлерін тартып, жолда қалған адамдар мен техниканы қауіпсіз жерге шығарды.
Қазіргі кезде аталған жол қардан тазартылып, көлік қозғалысы қайта жанданды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.