Қар қабыланы мен қара аюдың терісін заңсыз аулап, сатумен айналысқандар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қылмыстық іздестіру бас басқармасының жедел қызметкерлері сирек кездесетін жабайы жануарлар - қар қабыланы мен қара аюларды заңсыз ату фактілерін анықтады, деп хабарлады КирТАГ Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2015 жылғы маусымда ІІД ҚІББ қызметкерлері белгісіз біреулердің сирек кездесетін жануарлардың терісін сатпақшы болғаны жайлы ақпарат алады. Жедел-іздестіру шаралары барысында Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін жануарларды заңсыз атып, сатумен айналысқан адамдар анықталды», - делінген хабарламада.

Сокулук ауданында маусымның басында екі ер адамның қолға түскені атап өтіледі.

«Ұсталған адамдардан 4 қап тәркіленген, онда: бір қар қабыланының бас сүйегі мен терісі, қара аюдың екі бас сүйегі мен үш терісі болған. Жедел деректерге сәйкес олар терілерді 8 мың долларға сатпақшы болған», - деп хабарлады ІІМ.

Заңсыз аңшылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.