Қар, көктайғақ, тұман: 5 ақпанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 5 ақпанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Қарағандыда 5 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Түнде және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15–20 м/с. Жезқазғанда 5 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады.

Ақмола облысында ауа температурасы түнде -17...-22 градус, облыстың батысында - 25 градус суықты көрсетіп, сынап бағаны күрт төмендейді.

Астанада 5 ақпанда жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Атырауда 5 ақпанда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

5-6 ақпанда Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болып, шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде және күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтауда 5 ақпанда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың тау асуларындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда 5 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде және күндіз 7-12 градус, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 градус аяз болады. Ақтөбеде 5 ақпанда ауа температурасы түнде және күндіз 15-17 градус суықты көрсетеді, 6 ақпанда түнде 23-25 градус қатты аяз болады деп болжанады.

Қостанай облысында қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын, көктайғақ болады. Ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанайда 5 ақпанда түнде және таңертең қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, күндіз жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Абай облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүріп, облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Жарма ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың орталығында, батысында, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 5 ақпанда кей уақытта тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман болып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда 5 ақпанда кей уақыттарда тұман болады.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда 5 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман болады. Қонаевта 5 ақпанда түнде және таңертең тұман болып, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Айта кетейік, ауа райына байланысты Маңғыстау облысында жол жабылды.